Қаржылай сыйақысы қомақты Конфедерация кубогі - Қазақстандағы беделді турнир. Спорттың алты түрінен сайысқа түскендер үшін, бас жүлдеге 25 млн теңгеден тігілді. Әр облыстың командалары бақталасқан дода жайлы Серік Ноянбайұлы айтып береді.
Ұлттық спортымызға айналған бокстан, ақтық сында Оңтүстік Қазақстан облысы мен Маңғыстау облысының жігіттері жұдырықтасты. Екеуі де ел біріншіліндегі бітіспес қарсыластар. Жалпы есеп 7:3 есебімен Оңтүстік Қазақстан пайдасында.
Мырзағали Айтжанов, ҚР бокс құрамасының бас жаттықтырушысы:
-Осы жарыста жеңімпаз атану үшін, топтан шығу керек. Жартылай финалдық және финалдық кездесулер өте тартысты өтіп жатыр. Ең мықты деген командалар жартылай финалға шыққан.
Грек-рим күресі мен еркін күрестен Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан басым түскен, Алматы облысының спортшылары 25 млн теңгелік екі чекке иелік етті.
Нұрмахан Тыналиев, грек-рим күресінінен ӘЧ жүлдегері:
– Жалғыз мен ғана күреспеймін, бәрімізге байланысты оның бәрі. Бүткіл командаға бөлінеді ол ақшаның бәрі.
Рио олимпиадасында сүрінсе де, енді Токиода топ жарсам дейтін Нұрмаханның келешек мақсатына жетудегі құлшынысы да зор.
Нұрмахан Тыналиев, грек-рим күресінінен ӘЧ жүлдегері:
- Келесі жылға Азия чемпионаты, Әлем чемпионаты бар, толық дайындық басталады. Әрбір спортшының арманы ғой олимпиада шыңын бағындыру. Конфедерация кубогінің финалында Алматы қаласының тхэквондошылары жеңімпаз атанса, дзюдо спортынан Ақтөбе облысының балуандары үздік шықты. Биыл тізімге тұңғыш қосылған қазақ күресіне,н тағы да Алматы шаһарының командасы жеңіс тұғырына шықты.