Бүркіт кинопродюсер әрі режиссер ретінде, дебюттік картинасын көрермен талқысына салды. Көпті, «Логовонаның» прокаттағы тағдырынан гөрі, басты рөлдегі екі сылқымның неге тіл табыса алмағандығы толғындырғандай. Бұған дейін, «Ревюньюсте» Айым Алтынбекова Айлин Елеукенмен жанжалдасып қалғанын айтқанды. Даудың неден басталғанын анықтадық.
Кинода құрбыларды сомдайтын Айым мен Айлиннің ортасын қандай «қара мысықтың» кесіп өткені көпке қызық. Сөйтсек, бойжеткендер тұрмыстық заттарды бөлісе алмай жүз шайысып қалған екен.
Айым Алтынбекова, актриса:
– Қыздар арасында ондай болып тұрады. Екеуміз бір комнатада тұрдық, түсінбеушілік болып қалды арамызда. Бірақ, кешірімді адамбыз ғой, бір-бірімізден кешірім сұрап, барлығы дұрыс...
Кіл жас әрі танылып үлгермеген актерлық құрамға, бұл кикілжің кері әсерін тигізбей қоймаған.
Бауыржан Сатов, актер:
– Әрине әсер етеді. Өйткені, бірінші кезекте ұйымшыл болу керекпіз.
Бүркіт тырнақалды туындысының прокаттағы табысы қандай боларын күтпестен, тағы бір картина таспалаудың қамына кіріскен. Дебюттік жұмысы үшін азды-көпті сын естіген әнші, кері пікірлерге деген иммунитетінің берік екенін шегелеп айтты.
Бүркіт, режиссер, кинопродюсер:
– Дайынбыз ғой біз, он бес жыл болды ғой сахнада жүргенімізге. Естіп үйреніп қалғанбыз. Сондықтан да, бәрі жақсы болсын.
«Бәрі жақсы болды» деп қолдау білдірді үзеңгілестері. Олар Бүркіттің режиссерлігіне де, жас әртістердің шеберлігіне де күмән келтірмеуде.
Анар Батырхан, актриса:
– Комедияны, драманы көріп үйреніп қалғанбыз ғой. Біреу түсінуі мүмкін, біреу түсінбеуі мүмкін.
Айдай Исаева, сәнбике:
– Қорқынышты, сондай бір әсер алдым. Жақсы, өте жақсы шыққан.
Кентал, әнші:
– Көңілімнен шықты. Актерларды күшті жинады бәрін.
Фильм қазіргі уақытта үлкен экрандардан көрсетілуде.