Сүйінші! Динара Қырықбаева екінші рет ана атанып, дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелді!
Тәуекел, білесің бе биылғы қыста жұлдыздар арасында нағыз «бэйби бум» болғалы тұр!
Керемет жаңалық екен! Сонымен, қай шаңырақты нәрестенің үні шаттыққа бөледі?
Динара Қырықбаева көпшіліктен сүйінші сұрады! Сылқым, тұңғышы Айшадан кейін араға жыл салып тағы сәби сүйді! Таңмен таласып өмірге келген атұстардың бойы – 53 сантиметр, салмағы – 4 келіге жуық! Нағыз батыр дерсің! Бақытты ата-ана ұлдарына әлі есім еншілетіп үлгермеген. Біз де Динара мен жары Олжасты құттықтап, бөбектерінің бауы берік болсын деп тілейміз!