«Иә, ажырасқаным рас!» Желіде өзіне ең жиі жолданған сауалға, бұл Жорабаеваның берген жауабы. Сәбитпен дәм-тұзы жараспаған Алтынай, соңғы кездері ашық сұхбат беруден бас тартпайтын болған. Ал, Әбдіхалықов мырза қыздарымен қаншалықты жиі жүздесіп тұрады?!
Алтынай Жорабаева, әнші:
-Қыздарға уже бір жылдан асады көрмегендеріне. Келіп, хабарласып, өздері бір жаққа барамыз деп тұрса, мен ешқашан қарсы болған емеспін. Керісінше, біз өзіміз қайта-қайта іздемейміз ғой. Олар өздері келіп іздемесе, қалай? Ер адам емес пе? Мен қыздарды көшеден тауып алған жоқпын.
Алғашқыда Алтынай, Сәбитпен арадағы жайсыз жағдайды дүйім жұртқа жариялағысы келмеген. Тіпті, осыдан үш жыл бұрын шаңырағы шайқалған жанұяның жай-күйін, күні кешеге дейін сыр қылып сақтап келгенін айтады.
Алтынай Жорабаева, әнші:
-Мен оның барлығын айтпауыма да болатын еді. Өйткені, көп адам сол сұраққа келе бергеннен кейін «Иә, ажырасқаным рас!», - деп айттым да енді. Өйткені, үш жылға жақындап қалды. Мен оны басталғанда айтсам, баяғыда білетін еді.
Бірақ, Алтынай қанша ашуға булықса да, Сәбиттің азаматтық намысына нұқсат келтіруге құлықты емес. Жорабаева үшін ең бастысы төрт қызының әкесі аман жүрсе болғаны...
Алтынай Жорабаева, әнші:
-Қыздарымның әкесі ғой қандай болса да, аман болсын! Ол да үлкен қызметте жасап отыр, жұмыс істеп отыр. Оның қызметіне зиянымыз тимеу керек бір жағынан...
Айта кетейік, Сәбит пен Алтынайдың ортақ некесінен төрт қызы бар. Бүгінде Әбдіхалықов Алматы қаласында, ал Жорабаева Елордада тұрып жатыр.