Әйгілі «Форбс» басылымы ән саласында мол табысқа кенелген арулардың тізімін жариялады. Бұл жолы, ауқаттылар көшін 36-жасар Бейонсе бастады. Өнерпаз, бір жылдың ішінде 150 миллион доллар еншілепті.
Табыстылар тізімінде екінші орын британдық бикеш, Адельге бұйырған. Әнші, әлемдік турнесінің арқасында, басы-қасы 69 миллион доллар жинап үлгерген.
Өткен жылы ең дәулетті деп танылған Тейлор Свифт, биыл 44 миллион доллар қаржымен үшінші орынға жайғасқан. Форбс журналы, жаңа альбомының арқасында, әншінің табысы еселене түсуі тиіс деп болжауда.