Алғашқыда актриса ретінде тұсауы кесілген Жұлдыз Әбдікәрімова, дүйім жұртқа тағы бір қырымен танылды. Қайратпен гастрольдік сапарда жүрген бикеш, бұл жолы хитменмен қосыла ән шырқаған. Ал, жұлдызды дуэтті көпшілік қалай қабылдады?!
«Махаббатым менің»! Жұлдызды дуэттің алғашқы әні дәл осылай аталады. Қайраттың гастрөлдік сапарында кеш тізгінін қолына алған Әбдікәрімованы, ақтөбелік тыңдарман ерекше ықыласпен қарсы алған. Ал, келінін жаңа қырынан таныту Гүлзира Айдарбекованың идеясынан туындапты.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
-Жүргізушілік енді өзінің бойында бар. Оқығаннан кейін, өнер жағынан шеберлігі өте жоғары деп ойлаймын Жұлдыздың.
«Арман» картинасы арқылы танымалдығы артқан актрисаның, соңынан түрлі қауесеттер де ерген болатын! Келінінің эксклюзивті сұхбатын «саудаға салды» деп, жақында ғана Гүлзира ханым да сын садағына іліккен еді.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
- Бізге негізі біраз адамдар, жаңағы «Қазір сұхбат бермейміз», - деген кезде, бізге сұхбатын осыншама ақшаға берсеңіздер деп, ұсыныс тастаған болатын. Сол әңгімені дүрліктіріп, біреу әдейі шығарған ғой. Қай жерден мін тағамын деушілер көп. Сондықтан мен оған таң қалмаймын.
Бірақ, Жұлдызды жұртшылыққа жақынырақ таныстыру пысық продюсердің жоспарында бар. Алайда, дәл қазір әнсапарда жүрген Әбдікәрімованың, БАҚ өкілдерімен жүздесуге уақыты тапшы болып тұр.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
-Қазір Жұлдыздың қолы тимей жатыр. Енді қанша жылдан бері Қайратты қолдап келді. Енді, халықтың алдында Жұлдызда жақын таныс болсын деген ниетпен, Жұлдызды жүргізуші ретінде Қайратпен қосып жібердік.