Асқар Бисембин «Больше, чем кино» комедиясының тұсауын кесті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Нағимуша енді вайнерлікті қойып, актерлық мансабын бастап кетпек. Себебі, Асқар Бисембин оны үлкен киноға алып келді. Режиссер,  Дәурен Айдарқұловты да өзге қырынан танытты. Бірақ, серіге ол үшін біраз тер төгуге тура келген. Тіпті, ер жігітпен сүйісуден де бас тартпапты.

Фильм хақындағы фильм! «Больше, чем кино» картинасының идеясы да, сценарийі де Асқар Бисембиннің өзіне тиесілі. Қазанында қайнаған саланың «ас үйін» ол басты кейіпкерлердің махаббаты арқылы көрсеткен. 

Режиссер актерлық құрамды іріктемес бұрын - ақ, әр кейіпкердің кімге бұйырарын білген.
Нағима Ахметова,  вайнер:

– Тек қана вайнер сияқты мені шақырды. Өйткені менің оқырмандарым өте көп. Ал, мені сосын камераның алдында көрген кезде, маған өзі режиссер шындығын айтты. Ойламаппын, солай ойнай алады екенсің, - деп айтты маған.

Режиссер Дәурен Айдарқұловтың да өзге қырын аша алғанына разы. Актерға Данияр Алшыновпен сүйісетін сахналар бары айтылғанда да, еш ойланбайстан рөлді сомдауға келісім берген.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

– Енді кино ғой, сценарий. Біз әшейінде достарымызбен амандасқан кезде сүйісе береміз.

«Больше, чем кино» командасы комедияның тұсауын кесіп, өнердегі тұлғаларға арнайы көрсетілім ұйымдастырды.

Қайрат Әлімгерей, актер:

-Үнемі коммерческий жағын ойлайды ғой. Бізде художественный, творческий жағын ойламайды. Ал, бүгінгі Бисембиннің жасағаны таза творчество үшін, киноға бір жаңалық алып келу үшін жасаған дүниесі деп білдім.

Нұртас Адамбаев, режиссер, продюсер:

– Бұл бір біздің киноөндірісте жаңа жанр, тың идея. Оның өте сапалы шыққаны қуантады.

Ал, отандық прокатқа 23-ші қарашадан бастап жол тартатын болады.

Басында актерлермен бірге фильмде бой көрсеткен Асқар Бисембин, кейін өзі ойнаған эпизодтарды мүлде қиып тастаған. Есесіне, студенттік шақта мансабын актерлықтан бастаған әріптесі Сатаев, артылған үмітті ақтап шықты.