Киімдеріміз бірдей! Виктория Бекхэм мен Ева Лонгория неге бір-біріне ұқсағысы келеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұрт көзіне ілінуді жиілеткен Виктория Бекхэм мен Ева Лонгория қызықты жайтқа тап болды. Қос құрбы, қайырымдылық кешіне ұқсас киіммен келіпті. Жанкүйерлерінің бір тобы, мұны кездейсоқтық десе, өзгелері екеуі адал достығын осылай паш етті деп болжауда.

Аяулы ана, ардақты жар атанған Виктория Бекхэм, достықты да қадір тұтатын жан екенін дәлелдеді. Өнерпаз, құрбысы Ева Лонгория ұйытқы болған қайырымдылық кешіне қатысқан еді. Игі шараны қолдау белгісі ретінде, сәнгер ару Еваның образымен ұқсас киім киюді жөн көріпті.

Ал, Ким Кардашьянның достығына керісінше, сызат түскендей. Актриса, төрт жылдың ішінде жақынына айналған көмекшісімен ат құйрығын үзіскен. Қос құрбының арасына жік салған – ақша мәселесі. Жұлдыз жеке бизнесіне таласқан Стефани Шеппардтың оғаш қылығын көтере алмаған көрінеді.

Скарлет Йохансонның жүрегінде махаббат оты маздауда! Актриса жаңа ғашығымен папарацци құрығына түсті. Фотосуреттегі қос жұптың қылығы,

үйлену тойдың ауылы алыс емес екендігін аңғартқандай. Скарлет  Колинмен, мамыр айында Saturday Night Live шоуында көңіл жаратсырған еді.