Шанхайда бүгін өтетін Victoria's Secret шоуына қанша қаражат жұмсалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгін Шанхай аспанынан «періштелер» жауған түн! Сұлулығы «Әлем аруынан» кем түспейтін Victoria's Secret сәнбикелері, жаңа топтаманы таныстырады. Бүкіл әлем назарын тігетін осы шоуға, қанша қаржы жұмсалады? Модельдерге төленетін жалақы құны қандай? Дәл қазір білетін боламыз.

Victoria's Secret шоуын ұйымдастырудың құны әдетте 12 миллион доллар көлемінде. Бұл сән көрсетілімі үшін тым қыруар қаржы саналады! Себебі, атағы аспандаған әлемдік брендтердің өзі миллион доллардан артық шығындалмайды.

Былтыр подиумын Парижде құрған Victoria's Secret, өз бюджеттік рекордын жаңартып, ұйымдастыруға 20 миллион доллар жұмсаған.

Бұл қаражаттың қанша пайызы періштелер қалтасына түседі? Жиі жолданатын сауал да осы! Әдетте, сәнбикелерге төленетін сыйақы мөлшері қатаң құпияда сақталады. Дегенмен, ең қымбат модельдер Кэндис Свинпол, Кендалл Дженнер, Джиджи Хадид пен Ирина Шейкттер бір кеште 100 мың доллар жалақы алған.

Fantasy Bra! Бұл кештің ең басты атрибуты! Бағалы тастармен көмкерілген бұл ішкиімнің құны – 15 миллион долларға жетіп жығылады. Бірақ, Victoria's Secret тарихында Fantasy Bra ешқашан сатылымға түскен емес. Шоудан кейін оны қайда жіберетіндері жайлы, ұйымдастырушылар жақ ашпайды. Бірақ, кей болжамдарға сүйенсек олар арнайы мұражайда сақталады.