«Қағаз кеме» картинасында да талай қызықтар орын алуда. Ал, «Найнти уанның» ең кішкентай мемеберіне, телехикаядағы актерлік ойыны өз көңілінен аса шыға қоймапты. Bala-ны алаңдатқан не нәрсе? Кью-поп орындаушының өзі жауап берсін.
BALA, «Ninety one» тобының мембері:
-Көңілімнен 50 пайызға шықты, өйткені актерлік шеберлік жеткілікті болған жоқ өзімнің ойым. Егер, көбірек тәжірибе болса, жақсырақ ойнап шығуға болар еді.
Киносаласында тәжірибем аз деген Bala, түсірлім барысында одан өзге де қиындықтардың болғанын жасырмайды. Ең кішкентай мемебердің сөзінше, жігіттерге қос шығармашылықты қатар алып жүру оңайға соқпаған.
BALA, «Ninety one» тобының мембері:
-Кейде ұйқы қанбай, топқа байланысты жұмыстарымен ұзақ уақыт кешке қалып, түнге дейін қалып, ертесіне таңертең ерте тұрып, ұйқылы ояу сьемкаға барып, бір дубльді сегіз рет түсіріп, немесе бір айтып жатқан сөзіңді ұмытып қала беріп, сондай нәрселер болды.
Кейіпкерімнен көңілді жүруді үйрендім деген кью-поп орындаушы, «Қағаз кеменің» алдағы бөлімдері әсем әнге, күтпеген оқиғаларға, көңілді сәттерге толы болады деп уәде беруде.
BALA, «Ninety one» тобының мембері:
-Толықтай ашып айтатын болсам, ол дұрыс болмайды, Сондықтан қызықтың бәрі негізі әлі алда.