Роза Рымбаеваны алғашқы ұстазы тосын сыймен қуантты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алғашқыда 60 жастығын Астанада атап өткен Роза Рымбаева, меншікті мерекесін таяуда туған ауылының сахнасында да тойлады. Енді, әншімен қауышу Алатау баурайындағы тыңдарманға бұйырған еді. Халық әртісі дәл осы кеште өзін тәнті қылған тосын-сыйға да тап болды.

Әдетте, Роза Қуанышқызы жүзге жуық музыканттарды жанына жиып, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ән кешін өткізетін. Бұл жолы Халық әртісі концерттік бағдарламаның тек 30 пайызын өз мойынына жүктеген. 

Әли Оқапов, әнші:

-Ең біріншіден бұл жеке ән кеші емес. Яғни, біз ұйымдастырған емес, анамның құрметіне, мерейтойына орай бүкіл эстрадамыздың жарқын жұлдыздары жиналып дегендей, осындай кіші-гірім гала-концерт өтуде.

Сондай-ақ, осы кеште өзге өнерпаздарға Халық әртісінің репертуарын жаңа нұсқада орындау бұйырған. Қазақ сахнасының қазіргі символы Роза Қуанышқызы болса, шырқалған ретро әндерін жұртпен бірге отырып тыңдады. 

Роза Рымбаева,  ҚР Халық әртісі:

-Бірақ бұлардың барлығы мен үшін тосын-сый! Себебі, мен оларды көрген жоқпын, тыңдаған жоқпын. Бұл мен үшін ерекше бір концерт. Кеш бойы сондай тосын-сыйлар болады.

Иә, нағыз тосын-сый деп осыны айт! Бұл кеште Роза Қуанышқызы алғаш әріп үйреткен ұстазымен қауышты.   

Роза Рымбаева өнер жолында «бақытты әнші» екенін айтады. Ал, аты ТМД-ға танымал Халық әртісі үйде қандай ана?!

Мәди Рымбаев , жас әнші:

-Мамам негізінде көп сөйлемейді. Өте сабырлы адам. Ешқашан жынданбайтын, айхай шу көтермейтін адам. Бір нәрсе бүлдірсең, саған барлығын түсіндіріп береді. Бірақ қатты кетіп қалсаң, таяқ жейсің, енді не істейсің.