Америкалық актриса Перис Хилтон «Селфиді» мен ойлап таптым деп, айды аспанға бірақ шығарды. Алайда, арудың бұл сөзі елді күлкіге қарық қылды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Актриса өзінің Твиттер парақшасына Бритни Спирспен бірге түскен фотосын жариялап, селфиді 11 жыл бұрын екеуіміз ойлап тапқанбыз деп жазды. Суретті салғаны сол-ақ еді, аққұба бикешке жанкүйерлері жан-жақтан жабыла кетті. Желі қолданушылары Мадонна баяғыда-ақ өзін-өзі осылай камераға түсіргенін айтып, Перистің бұл қылығын күлкіге айналдырды.

Андрей Малахов болса дүниеге келген тұңғышына есім таба алмай даурығып жүр. Танымал тележүргізуші тіпті толық бір бағдарламасын жаңа туған сәбиіне ат қоюға арнаған. Көрермендерден көмек сұраған ол, Коля және Саша есімдеріне дауыс беруін өтініпті.

Жаңа жыл оты жарқырасын! Поп-әнші Гвен Стефани Нью-Йорктегі Эмпайр Стейттің мерекелік жарығын жақты! Енді, ғимарат қабырғаларының түсі өнерпаздың әсем әнінің сүйемелдеуімен өзгеріп отырмақ..

Гвен Стефани, әнші:

-Жаңа жыл мерекесінің кішкентай бөлшегіне айнала алғаным үшін, өте қуаныштымын!