Сивиетта 30 жаста! Қуанышының құрметіне дүркіретіп той өткізген Махмуди, отандық шоу-бизнес өкілдерінің басын қосты. Меймандарға алдын-ала шақырту жіберген бикештің, жалғыз ғана талабы болыпты. Туған күн иесі қонақтарын шығыс стилінде көргісі келген. Алайда, қалағаны орындалмады...
Сиви, мерейтойға ұзақ уақыт дайындалғанымен, шығыс стилінде өткізу идеясы осыдан 3 ай бұрын туындапты. Тіпті, дресс-кодтан хабардар қылу мақсатында әрбір мейманға жеке-жеке қоңырау шалған.
Сиви Махмуди, әнші, продюсер:
-Қайта-қайта звондап, естеріне салып, ұмытып кетпеңіздер қазақшылыққа салынып, бәріңіз киіп келіңіздер, өте керемет кеш болады.
Әйтсе де, Махмудидің меншікті мерекесінде, бұл дресс-кодты орындағандар некен-саяқ. Туған күн иесінің талабын ескермеушілердің жауабы да әр-түрлі.
Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
-Талап болғанда енді, арнайы киім тіктіріп жүруге уақыт жоқ біріншіден. Екіншіден маған шығыс үлгісіндегі киімдер онша келе қоймайды. Енді ол біреулерге жарасады, біреулерге жараспайды.
Нұрлан Еспанов, әнші:
-Ол киімнің өз ерекшелігі болуы керек. Ал, бір жерден прокаттан ала салсаң, ол да қызық емес. Біліп қояды да, мына жерден алыпсың ғой деп, білетіндер көп мына жерде.
Дана Кентай Сивидің өтінішін орындағанымен, бұл кеште өзін аздап жайсыз сезінгенін айтады. Өйткені, ақ қөйлек пен костюм-шалбар кигендер, әнші қызға көбірек әзілдеген көрінеді.
Дана Кентай, әнші:
-100 пайызы киініп келмеген. Әсіресе ер адамдар киінбейді. Оны айтсаң, неге киініп келмедің десең, бірден осындай эмоциялары. Ал, мені көрген әріптестерім, «қатты киініп алған жоқсың ба» деп тиісіп жатыр да. Сол кезде ыңғайсызданып қалады екенсің.
Алайда, дресс-кодты естен шығарғандар да, кеш иесінің талабына бағынғандар да ерекше әсерде. Дастархан басында айтылған ақ тілектер мен шырқалған әсем әндер, кештің көңілді өтуінің кепілі болды.