«Тұрмысқа шықтым»! Настасья Самбурская талай мәрте осындай мәлімдеме жасап, ақырында жай ғана «әзілім» деп сытылып кететін. Немесе, кинодағы кезекті рөлі болып шығады. Бұл жолы бикеш расымен де шаңырақ көтерді. Бірақ, өз тойына қара көйлек киіп жұртты шошытқан.
«Сүйемін әрі сүйіктімін» деп жазады актриса! Дегенмен, үйлену тойы салтанатынан бас тартқан. Сөйтіп, неке қидыруға қара көйлекпен және қалыңдықтың гүлшоғынсыз келіпті. Сылқым таңдау түсірген серіні, көпшілік бұған дейін Моттың «На дне» бейнебаянынан көргенді.
Бұған қоса актриса, Елена Летучаяны «Ревизоррода» алмастырмақ. Бағдарламаны жасаушылар Самбурскаяға үлкен үміт артып отыр.
The Weeknd – те үмітім алдамас деп сенеді. Жақында ғана Селена Гомеспен ат құйрығын үзіскен сері, енді экс-ғашығы Белла Хадидті қайтарып алмақ ниетте. Таяуда папарацци, сәнбикенің есігінің алдында жүрген Абельді таспаға тартып алған. Бәлкім, серенада айтып, Белланың жүрегін қайта жаулауға кіріскен болар.
Ева Лонгория таяуда қоныс тойын жасайды! Сылқым миллиардер жұбайымен бірге, Беверли Хилздан жаңа баспана сатып алды. Сегіз жатын, он жуынатын бөлмесі, шарап қоймасы, теннис корты мен ауқымды бағы, СПА орталығы бар бұл зәулім сарай үшін актриса 13 миллион доллар төлеген.
Миранда Керрдің де сүйінші хабары бар! Victoria’s Secret -тің экс- періштесі, таяуда екінші рет ана атанбақ. Сәнбикенің бірінші сәбиінің әкесі - Орландо Блум. Екіншісі, 27 жастағы миллиардер - Эван Шпигель болмақ.