Отандық режиссерлар бір шаңырақ астында бас қосып, жаңа картиналарын таныстырды. Олардың арасында кино түсіремін деп, сынға ұшыраған әнші Бүркіт те бар. Сонымен, қазақстандық көрермен жақын арада қандай туындыларды тамашалай алмақ?
Криминалды драма, комедия, мелодарама, экш, анимациялық фильм. Алматыда киногерлер қауымы, сан-түрлі жанрдағы картиналарының алдын-ала таныстырылымын өткізді. Кинокешке қатысқан актриса Айнұр Ілиясова, үлкен тізімнен тамашалайтын туындысын күні бұрын таңдапты.
Айнұр Ілиясова, актриса:
-Енді бар киноның ішінен «Бойжеткен» деген кино ұнады өзіме. Өйткені бұл фильмнің жастары өте дарынды, талантты балалар. Екінші бұл «Неделимое» киносы. Бұл жердегі ұнаған нәрсе, актерлік состав. Өте үлкен, мықты-мықты актерлер бұл киноға түсуде. Соны көргім келеді өз басым.
Талай телехикаяларда төбе көрсетсе де, үлкен киноға енді қадам басқан Анара Батырхан, атаулы шарада белсенді. Қылт еткен әр бейнекамера алдында, өзінің дебюттық «Инстаграмщица» картинасын келістіріп жарнамалады.
Анара Батырхан, актриса:
-Біз мынандай фильм дайындап жатырмыз. «Инстаграмшица» фильмінде тек комедия жанры ғана емес, дарама жанры да көрсетілетін болады. Барлық білген, жасаған еңбегімнің бәрін, осы филмге салдым десе де болады. Бұл фильм менің балам сияқты.
Жас актриса туындысын сәбиіне баласа, әнші Бүркіт өзінің«Логово» картинасын түсіру үлкен арманым болатын дейді. Жаңадан режиссер атанған ол, көптің кей сынына әжептәуір шамданған.
Бүркіт, әнші:
-Енді режиссер ретінде, кебіреулер ойлады осы әншілер киноға да, эстрадаға да барады деп. Осылардан басқа ешкім жоқ па деп. Жоқ, бұл жан дүниемнің талабы. Мысалы біз кино түсіріп жатсақ, оған ақша құйып жатырмыз, жұмыс орындар беріп жатырмыз.
Бүркіт мұнысымен тоқтамақ емес. Отандық картиналар санын өсіруге барымды саламын деп құлшынып отыр.