Салтанат Бақаева, Аиша, Ақерке Тәжібай! Таяуда, тағы қай жұлдыз өмірге сәби әкелмек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Іңгәләған сәбидің тәтті үнін еститін сәтті отандық жұлдыздар да асыға тосып жүр. Тіпті, биыл бэйби – бум болары сөзсіз. Мәселен, Салтанат Бақаева мен Аиша үшінші перзенттерін өмірге әкелуге әзірленуде. Қос сылқымның да екі-екіден атұстарлары бар.

 

Ерболат Беделханның жары – Асыл таяуда төртінші шақалағын қолына алып, көпбалалы ана атанады. Қобызшы – Ақерке Тәжібаева бұл мәртебелі атты тұңғыш иемденгелі отыр. «Ринголық» Аян Бірбаев пен жары Айнұр да, ұлдары Әдидің ізін жалғар жанды күтіп жүрген жайы бар.

Айнұр Бірбаева,  А. Бірбаевтың жары:

– Негізі, біз сәбиіміз өмірге келген соң ғана, көпшліктен сүйінші сұраймыз деген ойда едік. Көз бен сөзден таса болайық дегенбіз. Бірақ, бүгін сіздермен бөліспеске болмас. Бұйыртса, қаңтар айында екінші бөбегімізді қолымызға аламыз. Ал, қыз ба, әлде ұл ма? Құпия бола тұрсын.