Телехикаядағы Зарина Заман мен Дастан мырзаның талас-тартысы, күн санап өршіп барады. Бойжеткендерден құралған топ, емтихан барысында жаман нәтиже көрсетпегендей...
Дастанның серілері болса, тонның ішкі бауындай бірлігі жарасқан ұжым бола алады ма? Дәл осы, ауызбіршіліктің жоқтығы жігіттерге кері әсерін тигізді емес пе?
Алайда, күміс көмей, дарынды жетекшілерінің арқасында жігіттердің жұлдызы оңынан туады деген үміт басым.
Телехикаядағы Зарина мен Беріктің экс-жұбайлар екенін білгенде, сіздер қатты таңырқаған боларсыздар. Картинаның бүгінгі бөлімі де тосын сәттерге толы. Сондықтан, «Қағаз кемені» тамашалаңыздар!