Жұлдыздардың әр қадамын аңдитын, «бәле іздеуші» хейтерлер көп-ақ. Олардың «сүйектен өтетін» сөздеріне, медиа тұлғалар үнемі еті үйреніп қалғандай кейіп көрсетуге тырысады. Бірақ, танымалдардың шамына шындап тиіп, жүрегін ауыртатын жағымсыз жазбалар да жоқ емес...
Айым Сейтметова хейтерлердің негізсіз айыптаулары ашуымды туғызады дейді. Кастингке барғанда тегімді жасырып, тек өз күшіммен жетістікке жетуде көздеп жүргенде, жұрт керісінше ой түйеді деп кейиді.
Айым Сейтметова, актриса:
– Сен осы киноға әке-шешеңнің авторитетімен келдің. Әке-шешем менің өнерге келуіме қатты қарсы болған. Олар маған жоқ бармайсың, оқуға түспейсің, журналист боласың ба, басқа боласың ба, бірақ өнерге жолама деп айтқан.
Кереғар пікірге бой әбден үйренді дейді Айнұр Ілиясова. Дегенмен, ұлтына қатысты сауал қойылғанда «қаны басына шапшитынын да» жасырмайды.
Айнұр Ілиясова, актриса:
– Сен қазақ емессің ғой, айтшы деп. Неше түрлі жазатындар бар. Мен түгілі менің анама тиісіп жазатындар бар.
Балжан Бидаштың хейтерлерге иммунитеті мықты. Бірақ, гардеробымдағы көйлектеріме көз тіккендерді жақтырмаймын дейді.
Балжан Бидаш, «KeshYou» тобының әншісі:
– Көйлегіңізді беріңізші деген. Көбінесе, сұрайтын туысқандарыма, сіңілілеріме беремін.
Вайнерлерге жолданатын пікірлер легі жұлдыздарға қарағанда өзгерек. «Юфреймдіктерді» мін таққыштар емес, Адина Топашеваның ізіне «шырақ алып түскендер» шаршатқан.
Арман Юсупов, «Yuframe» командасының вайнері:
– Адина қайда? Жарты жылдан бері бізді жауыр еткен сұрақ осы!
Шакенти болса, хейтерлердің кейбірімен кездесіп, жаға жыртыспақ та болған екен.
Шәріп Серік, актер, вайнер:
– Өздері боқауыз сөздер жазады, сен оған жауап бересің жеке өзінің профайлына кіріп. Айтқан сөзіңе жауап бермейсің бе деген сияқты... Қойшы ей қалжың ғой дейді.
Жағымсыз жазбасымен «қоқиланғандардың» бірде-бірі Шакомен бетпе-бет келуге жүректері дауаламаған.