Мэрая Кэри өзге әріптестерімен қатар ән айтатын күйде емес... Сылқымды өзін қорғаған оққағарлары сотқа беруде. Жәбір көрдік деген күзет компаниясы, өнерпазды не үшін айыптауда?
Әсем әнімен талай жүректі тербеген Мэрая Кэридің шырқы бұзылды. Өнерпаздың экс-оққағарлары, осы күнге дейін сылқымнан тек қорлық сөздерді естіп келдік деп айып тағуда. Әншінің адвокаты, күзет компаниясымен қомақты қаржы арқылы мәмілеге келмек болыпты. Алайда, ұсынылған ақша «секюритидің» көңілін көншітпеген.
Жеке шығармашылығына білек сыбана кіріскен Гарри Стайлс, жаңа бейнебаянының тұсауын кесті. Видеода бастан-аяқ «Гуччи» брендінен киінген әнші, сюжет желісіне аса бас қатырмаған сыңайлы.
Әннің неліктен «Киви» деп аталғаны да белгісіз. Себебі, туынды мәтінінде бұл сөз еш кездеспейді. Өнерпаздың не айтқысы келгенін жанкүйерлері де ұға алмай дал күйде жүр..
Харви ізімен! Киносаласының майталманы Чарли Шинді сексуалды зорлық көрсетті деп жазғыруда. Актер Доминик Брашианың айтуынша, досы Кори Хейм кезінде өнерпаз тарапынан зәбір көрген. Әзірше актер, бұл жайында қандай да бір пікір білдірер емес.