«Қағаз кеме» картинасында музыкант әрі продюсер ретінде төбе көрсеткен Олжас Тоғымбет, бұдан-былай өмірде де дәл осы іспен айналыспақ. Оның көзқарасының өзгеруіне себепкер болған - «Найнти уандық» жігіттер екен.Толығырақ келесі сюжетте.
Олжас Тоғымбек, актер:
- К-рор стилі жағынан мен өзім түсінбейтінмін. Ән ұнайды, тыңдайтынмын күн ара. Бірақ жігіттермен танысып ары қарай араласқалы бері, олардың талантын көре бере, аң-таң болдым. Себебі бір мезетте, мысалы қандай да бір тақырып болсын, жігіттер сол тақырыпта ән айтып кетеді.
«Қағаз кеме» картинасында дарынды продюсердің бейнесін сомдайтын Олжас Тоғымбек, телехикаяға дейін музыкадан хабары аз болғанын жасырмайды.
Олжас Тоғымбек, актер:
-Музыкалық жоба болғандықтан, маған тәжірбие ретінде керек болды. Себебі, музыкадан іздендім, продюсерлік жағынан іздендім, кім, қалай... Рөлдері қалай, музыкалық тәжірибеде. К-рор дегеннің не екенін білдім...
Телетуындыдағы тың образы актерге әсер еткені соншалық, Олжас Тоғымбек шынайы өмірде де продюсер атануға дайын.
Олжас Тоғымбек, актер:
-Продюсерлікке енді қадам жасап жатырмын. Өзіміздің кішігірім студиямыз бар, сол жақта екі жобамызды дайындап жатырмыз.
Жуық арада жаңа q-pop ұжымы пайда болса еш таңқалмаңыз. Ал, актер өзінің де «Найнти уан» фанатының біріне айнала бастағанын әзілге қосты.
Олжас Тоғымбек, актер:
-Біздің жас енді, білесіз отыздан асып кетті, иглз деп айтсам ұят болатын шығар.
Олжас сериалдың алдағы бөлімі де тартымды сәттерге толы болады деп уәде беруде.