Айдана Меденова шашын түрлі-түске бояп, корейлік поп музыканың өкіліне айналса, фанаттары қалай қабылдар екен? Бұлай деуіміздің өзіндік себебі бар. «Кешьюдің» экс-әншісі Кэй-поп патиде ұйымдастырылған байқауды төрелік еткен көрінеді.
Кэй-поп пати! Еліміздің әр аймағынан жиналған өнерпаздар өзара сайысқа түсіп, үздіктерді анықтады. Ал, қатысушыларға қазылық етуге Айдана Меденова бекітіліпті. Бірақ, бұл бикештің корейлік музыканы емес, кью-поп субмәдениетін дәріптеуде белсенділігі байқалады.
Айдана Меденова, әнші:
-Кью-поп енді қазір чарттарда бірінші орындар алып жатыр ғой. Сондықтан, ұнап жатыр балаларға, адамдарға... Кейбір жерлерде, инстаграм желісінде де менің әндерімді де кью-поп деп айтады.
Алайда, “Айданаторлар» алаң болмаңыздар! Меденова кью-поперлердің қатарын толықтырмайды.
Айдана Меденова , әнші:
-Қызыл шаш боямаймын әрине. Біз енді бейнебаянға қатысты өзгертеміз ғой стильді. Ал, былай өзімнің стилімді өзгерте алмаймын сол к-поп үшін...
Кэй-поп патиде, қазақ поп музыкасының өкілдерін де байқап қалдық. Мәселен, «Мадмэн» тобы мен «Ньютон» бойзбенді бұл кештің құрметті қонақтары.
«MadMan» тобы:
-Мұндай патилердің, іс-шаралардың негізгі пайдасы көп. Біз тәжірбие аламыз. Біздің фан-қабырғалар үлкейеді, ауқымды болады. Жаңа адамдармен танысамыз. Жаңа адамдар біздің фандомға қосылады.
«Newton» тобы:
-Жаңа таныстар, жаңа достар. Бір-бірімізбен сөйлесіп, жақын танысып... Жақсы емес пе, өте көп таныстарың болса. Осындай сахнаға шығу жолы өте қиын екенін білеміз. Сондықтан біз қолдауға келіп отырмыз.