Аралас жекпе-жек өнері - сегізбұрыштағы жаужүрек спортшылардың додасы. Мысалы, Майк Тайсонның қатысуымен Алматыда өтетін ММА турнирінде осалдарға орын жоқ. Осы кеште айқасатын «Алаш Прайд» сарбаздары туралы Серік Ноянбайұлы айтады.
«Алматы Аренаға» 11 мың жанкүйерге толған, Арман Оспанов басты жекпе-жекке шыққан, қыркүйектегі «Алаш Прайд-АСВ» турнирі ел жадында.
Қазақстан тарихында бұрын соңды мұндай деңгейлі ММА додасы өтпеген еді дейді «Алаш Прайд» президенті. Ізін ала түрлі ауқымды ұсыныстар түскен.
Данияр Қасқарауов, «Alash Pride FC» промоутерлік компаниясының президенті:
– 1-ші желтоқсанда «Алматы Аренада», Майк Тайсон қатысатын сайыстан ұсыныс түскен. Бес спортшы «Алаш Прайдтан» шығады, қазір контракті барлығы жасалды. Федор Емельяненко келуі керек.
Аталмыш ММА сайсында Асылжан Бақытжанұлы, Ермек Тлауов, Евгений Егембердиев, Асу Алмабаев, Шахмурат Жетпісов және сегізбұрыштағы қазақ қызы Зәмзәгүл Файзулла айқасқа түседі. Турнирге жалпы 8-9 елдің тәжірибелі аралас жекпе-жек өкілдері қатысады. Мысалы, Асудың қарсыласы азулы Германиялық спортшы.
Асу Алмабаев, «Alash Pride FC» спортшысы:
- Сол мемлекеттің белбеулеріне төбелескен, шердогы да жақсы. Енді жан-жақты даярланып жатырмын.
Евгений Егембердиев , «Alash Pride FC» спортшысы:
- Тәжірибелі қарсылас. Өткендегі күтпеген жеңілісімен кейін, мен жанкүйерлерді жерге қаратпаймын. Сондықтан тас-түйін даярмын.
Майк Тайсон мейман болатын, Алматыдағы ММА бәсекесінің ақшалай қоржыны да салмақты екен. Жеңіс үшін жан салатын спортшылар әзірге қызу дайындықта.
Данияр Қасқарауов, «Alash Pride FC» промоутерлік компаниясының президенті:
– Басты кездесуге шығатын Асылжанның қарсыласы мықты болғандықтан, сосын Ермек Тлауовтың гонорары жоғарырақ. 5 мың доллардан бастап, 50-60 мың долларға дейін өзгерістер болуы мүмкін.