«Ертіс» клубының бапкерінің биі, оны атақты «Еurosport» телеарнасының жұлдызы етті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Чемпион атанбаса да, қуанары бар! Атақты «Еurosport» телеарнасы «Ертіс» клубы бапкерінің биіне «Ғарыш лезгинкасы» деп айдар тақты.

Павлодарлық футбол командасының жетекшісі Вячеслав Грозный, Қазақстан чемпионатында алған 4-ші орындарын шәкірттерімен бірге, киіну бөлмесінде осылай атап өткен.

«Ертіс» қарағандылық «Шахтер» командасын 1:0 есебімен ұтып Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде ойнау мүмкіндігін иеленді. 61-жасар  Вячеслав Грозный кезінде «Терек», тбилисилік "Динамо" клубтарын жаттықтырып жүріп те алаңдағы осындай биімен танылған.