Дәурен мен Ақботаның арадағы қатым-қатынасына нүкте қойылғаны сол еді, Сейітмағамбетке сөз салғандардың санында шек болмай тұр. Соңғы алты айда талай қиындықты бастан кешкен бикештің жүрегін, енді Әли Оқапов жаулауға ниетті көрінеді.
Отандық шоу-бизнестің ең танымал серісі мен сылқымы бұл жолы бір бейнебаянда бас қосты. Әли өзінің кезекті клипіндегі кейіпкер ретінде Ақботаны таңдаған. Алайда, сын садағына жиі ілігетін Сейтмағамбетке ұсыныс жасамас бұрын, Оқапов ұзақ ойланғанын айтады.
Әли Оқапов, әнші:
Әрине, алдын-ала айттым осы адамдар сөйлейді деп. Бірдеңе айтады деп. Шынымен де кезінде бізді, мысалға екеуіміздің арамызда бірдеңе бар деген сыбыстар болды мысалға. Соған байланысты... Соңғы кездері жанұясыменде құбылыстар болды. Сен сол сөзге дайынсың ба деп бірден ескерттім. Мен дайынмын деді. Сөз жағынан, сөйлеу жағынан менің тәжірибем мол деді.
Иә, жұрт тарапынан жазылар жағымсыз пікірге де, ту сыртынан айтылған сынға да Сейітмағамбеттің еті үйренгені қашан. Осылайша қос тараптың келісімен «Уайымдама» атты су жаңа клип таспаланыпты. Бір қызығы, әріптесінің тың туындысында актриса міндетін атқарған Ақбота, Әлиден қаламақы да алмаған.
Әли Оқапов, әнші:
-Тегін келісті. Бірде-бір тиын сұрағанда жоқ. Біз ұсынсақ та, мүмкін алмайтын да шығар. Біз доспыз, мүмкін оған да бір пайдасы тиер осы бейнебаяннан...
Бейнебаян сюжетіне сүйенсек, әнші жігіт қыз назарын өзіне аудару үшін түрлі қадамдарға барады... Тіпті, сұлудың сезімін ояту жолындағы жұдырық жеген сәттері де клип кадрларынан табылған.
Әли Оқапов, әнші:
-Мен оны ұнатып қалған деген сюжет болды. Және де сол қыздың жүрегін жаулаймын деген мақсат болды менің кейіпкерімде. Сондықтан, ол жетті ме, жетпеді ме, нәтиже қандай болды оның бәрін бейнебаяннан көресіздер.