Осыдан 10 жыл бұрын халық таңдаған Қара бала, ел алдында есеп берді. Ән кеші қалай өтті дейсіздер ғой..? Алғашқыда Керменбаевтың концерті ойдағыдай жүріп жатқан еді. Қапқарашканы құттықтай келген «суперстарлық» достары сахнаға шығар сәтте қобалжып, мерейтойдың шырқын бұзған көрінеді...
«SuperStar» жобасында жұлдызы жанған Нұржан, бұл кешіне ұзақ жылдар бойы дайындалғанын айтады. Жанды дауыста, лайф-бэндтің сүйемелдеуімен өткен ауқымды шоуға төрт образды үйлестірген.
Нұржан Керменбаев, әнші:
-Арзан емес! Расында да 4 образды бастан-аяқ видео контентпен, сахнамен бірге ойластырып және де сахнада қозғалатын бишілермен жарасымды болу үшін соған дейін ойластыру...
Иә, сахналық образда мін болмағанымен, Нұржанның кешінде «суперстарлық» серілер салғырттық танытқан. 7 жылдық үзілістен кейін ел алдына шыққан «Перцы» тобының, бұл жолы қобалжуын концерт меймандары бірден аңғарды.
Ринат Малцагов, әнші:
-Негізі Ерлан қатты қобалжыды. Сахнаға шыққан кезде «Мәә, мына сөздерді ұмытамын, мынау қалай болады», - дейді. Мен айтамын «Ерлан, давай қой. Қазір шығамыз уже. Сондықтан, білмеймін әйтеуір Ерланды гримеркаға отырғызып, давай сөзді жаттап ал, қалғанын уайымдама деп осылай шықтық.
Нұржан Керменбаев, әнші:
-Жеті жылдан кейін менің сахнаға оралуым мынадай халде, мынандай сәтте оралуы қалай болар екен деп, өзіне де қызық болды. Қатты қобалжыды балалар. Уайымдағандарын айту керек...
Концертке келген тыңдарман сөзінше, жанды дауыстағы кеш көңілден шыққан. Тіпті, әріптестері Қара баланың шоуынан үлгі боларлық ерекшеліктерді де байқапты.
Серік Ибрагимов, әнші:
-Нұржанның концертіне келіп, біраз нәрселерді мысалы өзіме үйреніп алдым. Бір-екі қимылдайтын билерін үйреніп алдым. Ертең бұйыртса, өзім концерт беріп жатсам осыны пайдаланамын. Жоқ, керемет болды шынымен де...