Бүгінде «Жігіттер» тобының әр мүшесінің жеке шығармашылыққа деген шабыты ерекше. Бұл жолы, Айдар Тұрғанбек белсенді түрде бейнебаян таспалап үлгерді. Бірақ, бойзбенд тағдыры үшін алаңдайтын тыңдармандары неге тым-тырыс? Бәлкім, сері жігіттің клиптегі сыртқы образын мақтаудан қолдары босамай жатыр...
Жаңа клиптегі образын желіге жүктегені сол еді, Айдардың оқырмандары дәл осындай жағымды пікірлерді жарыса жазды. Иә, әншіні «Жігіттердің» құрамынан көріп, көзі үйренген тыңдарманның таңырқауы да орынды шығар. Өйткені, түсірілім тобының да мақсаты серіні тың стилде таныстыру болған...
Айдар Тұрғанбек, «Жігіттер» тобының әншісі:
-Мүлдем топтан басқа нәрсе істегісі келді. Өзі басында айтты мен топтағыдай Айдарды емес, басқа Айдар қалаймын деді. Содан кейін, мен бірден келістім. Өйткені, басқаша нәрсе мағанда ұнайды. Жаңа нәрсе.
Айдардың жаңаша образы «Жігіттер» тобының өзге әншілерін де бей-жай қалдырмаған.
Ердос Қанаев, «Жігіттер» тобының әншісі:
-Дұрыс көрсету керек, көріну керек клипке түскеннен кейін. Енді «Жігіттерде» жүргенде де жаман киінген жоқ Айдар әрине. Бірақ, өзі арнайы стилистермен ақылдасқан болуы керек. Стилистер айтқан болуы керек. Шамасы соның кеңесімен киініп шықты.
Айдар жеке бейнебаяны арқылы отбасы құндылығын сақтап қалудың түрлі жолдарын насихаттауды көздейді.
Айдар Тұрғанбек, «Жігіттер» тобының әншісі:
-Отбасын сақтау, отбасыға азғантай болса да ой салатын нәрсе істегім келді. Қазіргі қоғамдағы үлкен проблеманың алдын-алу ғой енді. Кішкентай болса да әсерімізді тигізу!