МакГрегор болса ММА өнерін әлемдік деңгейдегі шоуға жеткізген тұлға. Бұған дәлел оның миллиондаған гонорары. Сонымен қатар, Конор сегізбұрыштағы айқастарынан тыс қанша қаржы табатынын жариялады.
Қызуқанды ирландиялық жекпе-жектері мен спорттағы шаралардан бөлек айына 500 мың, жылына 5-6 млн доллар табысқа кенеледі екен. Білетіндердің сөзінше, бұл МакГрегордың жеке бизнесінен түсетін қаржысы.
Атышулы Конор америкалық боксшы Мейвезермен өткізген соңғы жекпе-жегінде, барлық бонустарды қоса есептегенде 130 млн доллар ақша еншілеген.