«Алашұлы» командасы соңғы клипін ұлттық музыканы жат бағыттардан тазалау мақсатында таспалағанын айтқан еді. Аталмыш топ дәл осы бейнебаян арқылы, шаштарын түрлі түске бояп, сырға таққан отандық топтарды сынға алған. Алайда, жарты жылдан кейін бұл этно-ұжымның продюсері, енді кью-поп жобалармен жұмыс бастапты. Ал, қазақы колорит сонда қайда қалды?!
Назгүл Қарабалина6 актриса, продюсер:
-Мен ол колориттен ешқашан ажырамаймын, арылмаймын да. Біз ағылшынша ән айтпаймыз, біз орысша ән айтпаймыз. Біз тек қана қазақша ән айтамыз!
Ұлттық музыканы заманауи бағытта насихаттауға құрылған, қазақы нақыштағы қос қыздар тобы «ОЮ» және «Уайт уэй» деп аталады. Алғашқы тұсауы кесілген гелзбенд дуэт болса, екінші ұжымның құрамында үш бойжеткен бар.
«White way» тобы:
-Біздің ерекшелігіміз ол біздің жасымызда. Былай қарасаңыз Қазақстанның шоу-бизнесінде ондай жасөспірімдер жоқ. 15-16 жастағы әртістер жоқ, топтар жоқ.
«Ою» тобы:
-«Ою» дегеніміз ең біріншіден қазақы тектілігімізді ұмытпау мақсатында және де ою ол сұлулық символы. Ою - ол таңба және із деп айтылады. Сондықтан, біз өзіміздің өнерімізбен өнер жолында таңба, ізімізді қалдырғымыз келеді!
Алғашқыда «Алашұлының» жетекшісі бір ғана қыздар тобын құруды жоспарлаған. Алайда, кастингке келген 70 үміткердің ішінде 5 бойжеткен Қарабалинаны талантымен тәнті қылған көрінеді. Нәтижесінде, Назгүл ханым екі бірдей гелзбендті қол астына алыпты. Бүгінде қос тарап 5 жылдық келісімшаратқа қол қойған.
Назгүл Қарабалина, актриса, продюсер:
-Бес жылға дейін анық күйеуге кетеміз, жанұя құрамыз деп айтпайтынына мен сенімдімін. Ол контрактінің негізі ғой. Әрине соншама ақша салып, еңбектенгеннен кейін ол қыз «бір күні мен кеттім» деп тұрса бізге қиын. Сондықтан да. Күйеуге шығуға рұқсат жоқ, бес жылға дейін.