Айтпақшы Тәуекел, сен ойнаған «Брат или брак» комедиясы прокаттағы алғашқы аптада-ақ кассалық табысы бойынша көш бастапты.
Иә, ол рас! Ернар Нұрғалиев режиссерлік еткен аталмыш фильм сәтті шықты деуге болады.
Сен сол киноның көрсетілімінен түскен ақшадан қосымша пайыз аласың ба?
Жоқ! Маған тек келісімшартағы көрсетілген қаламақы ғана тиесілі. Енді сюжетті тамашалайық.
Жарнамасы жер жарған «Брат или брак» картинасы, көрермен көңілін алдамаған секілді. Фильм прокатқа шыққан алғашқы аптада 86 млн теңгедей қаржы жинақтап үлгерді. Жұлызды актерлік құрам мен Құралай Анарбекованың сәтті продюсерлігі өз жемісін беруде. Заманауи әзілі, қызықты сюжеті мен келісті кейіпкерлері бар бұл лента, осылайша табыстылар көшін бастап тұр.
Ертегі әлеміне аяқ асты тап болған мәскеулік жігіт Иванның хикаясы да табыстылар сапында. Ресейлік «Последний богатырь» фэнтези туындысы өткен жұмада қоржынын 40 млн теңгеге толтырып, екінші орынға жайғасқан.
Үздік үштікте Джерард Батлер басты рөлді сомдаған «Геошторм» фантастикалық боевигі. Картина бұл бес күндікте 17 млн теңге еншілеген.
Атышулы, «Матильда» қазақстандық топ-5 картинаның қатарына да кірмеген. Ол үлкен экрандардан көрсетілген алғашқы аптадан, бар жоғы 13 млн теңегені қанағат етуде.