Криштиану Роналдуға жазылған ғашығының хаты неге миллиондардың көңілін босатты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Роналду футболды аяқтаса, мүмкін табысты актер болар... Әзірге аяқдопшы алаңдағы ойынымен өзгеден шоқтығы биік тұр. Айтпақшы, Криштиану киноға түсем десе, сценарийді ғашығы Джорджина ханымға жаздырған жөн секілді. Себебі, ол қысқа ғана хатымен миллиондардың жүрегін елжіретті...

 

Джорджина өз инстаграм парақшасында жүрегінен шыққан жылы сөздердін тізіп, қосағы Роналдуға хат арнады. Бикештің бұл жазбасы жеке оқырмандары мен Криштиану жанкүйерлерінің жан дүниесін тебіренткен. 

- «Сенің бар өмірің ол футбол! Өз мақсатыңа жету жолында еш мұқалма, ал мен әркез жаныңдағы адал көмекшіңмін. Тіршіліктің ыстығы мен суығына бірге төземіз. Жақсы көреміз, сен чемпионсың!»

Бұл пост үшін Родригес сұлуға миллиондар разы әрі мақтауын да айтты.

Ұзақ уақыт үзілстен соң Майкл Дуглас пен Кэтрин Зета-Джонс ел алдында алғаш бірге шықты. Актриса бұған дейін көптеген іс-шараларға 73-жастағы жұбайынсыз  қатысатын. Бұл жолы актерді, Кэтрин ханым Нью-Йорктегі кештердің біріне ерте келіпті. Қараша айының ортасында екеуінің отасқандарына 17 жыл толмақ.

Сексуалды зорлық көрсетті деп айыпталған Кевин Спейси, киноиндустрияны біржолата тастауы мүмкін. Жеке өкілдері танымал актердің қазір барлық түсірілім жұмыстарынан бас тартып, шығармашылық үзіліс алғандығын жариялады. 58-жастағы әртіс қоғамдық қысымға шыдамай, осылай тасаға кетуге мәжбүр болған.