Нәпақамды базарда жүріп тапқанмын деген Асылхан Төлепов, бүгінде табысты қаржыгердің кейіпіне енген. Актер, «Финансист. Игра на вылет» картинасында басты рөлді сомдауда. Өнер иесі, өмірде де есеп-қисаптан жаңылмайтын жан екендігін айтып қалды.
Қазақстандық «Волк из Уолл стрит». Отандық киноөндірісте бұрын соңды түртілмеген, қаржы тақырыбы төңірегінде «Финансист. Игра ны вылет» картинасы таспалануда. Алайда, Қазақстандық Ди Каприо – Асылханның, бұл ұқсастыққа айтар жауабы әзір.
Асылхан Төлепов – актер:
-Бұл баяғыда жазылып қойған сценарий ғой. Ди Каприолар ұрлап алды да, түсіріп қойды оны. Просто біз кейін түсіріп жатырмыз негізі.
Асылхан Төлеповке аталмыш картинада білікті маман, табысты қаржыгер рөлі бұйырған. Өнер адамы болсам да, есеп-қисаптан еш жаңылмаймын дейді ол. Себебі, актер ақша санауда шатаспауды базарда жүріп үйренген.
Асылхан Төлепов, актер:
-Мен өзім саудада істеген адаммын. Бірден енді жетістікке жете қойған жоқпыз. Бірден киноға түсіп кеткен жоқпыз. Өнер академиясында оқып жүргенімізде, яғни базарда банан сатып жүрген кездерім болды. Ол енді жасыратын түгі жоқ.
Ал, әріптесіме қарғанда математикаға жақын емеспін деген Чингис Капинге, жақсылығынан қулығы басым жанның рөлі бұйырған.
Чингис Капин, актер:
-Менің образым өте қатал әрі қиын. Кейіпкердің мінезі маған қарама-қарсы келгендіктен, актер ретінде өте қызық болғанын жасырмаймын. Картинадағы ең жағымсыз кейіпкер.
Режиссер Елена Лисасинаның айтуынша, фильмнің сюжетіне өмірде болған оқиға негізге алынған. Алайда, киногер нақты кімнің басынан өткен жағдай екенін айтудан аулақ. Картина 2018 жылы көрерменге жол тартпақ.