Танымалдылықты тырнақтап жинаған «Jokeasses»-тік жігіттер де, көрерменінен айырылып қалудан жүрексінеді, Сондықтан, темірді қызған шағында соғып, соңғы кезде трендке айналған «Зың-зың» әнінің толық нұсқасын ұсынды.
«Дың-дың» трекке таспаланған бейнебаян тәулікке де жетпейтін уақытта 300 мыңдай қаралым жинап үлгерді.
Желіге жүктелген 17 сағат көлемінде «Jokeasses»-тік жігіттердің бейнебаяны, «Ютуб» хостингінде трендтегі видеолар қатарына қосылып үлгерді. Хайп трекке көрерменнің берген бағасы да оң. Екі мыңға жуық комментарий арасыннан бірде-бір жағымсыз пікірді кезіктірмесіңіз анық.
Әзіл рэпке көптің қызығушылығын бәсеңдетіп алмау олардың басты мақсаты. Сондықтан да, қосымша шумақтармен әрлеп, арнайы бит жазып, вайнерлер туындының толық нұсқасын жасап шықты. Жастар арасында кең тараған жаргон тіркестер, тректің атағын асыра түседі деп үміттенеді.
Бексұлтан және Жандос, «Jokeasses» тобының вайнерлері:
– Халыққа тараған қандай сөздер бар. Мен айтып тұрдым. Жандос маған көмектесті. Шумақтарды ұйқастырып кішкене. Қазақстанда ешкім жасамайды күлкілі рэп. Иә, жетпей жатыр сондай кішкене. Сосын, біз жасап көрдік.
Танымалдықтарын одан әрі асқақтата түскен туындыға, жігіттер еш шығын жұмсамаған.
Бексұлтан және Жандос, «Jokeasses» тобының вайнерлері:
- 0 теңге, себебі бәрі өзіміздікі. Камера оның алдында вайн түсіріп жүрген камераны қолдандық. Режиссер өзіміз болдық, оператор өзіміз, актер, әнші өзіміз болдық. Бір күннің ішінде түсірдік. Біздің тәжірбиеміздің нәтижесі ғой. Үш жыл болды видеомен айналысқандағы. Күнделікті жасайтындай, оңай болды.
Енді, «Jokeass» өкілдері, бұл тректің авторымын деген – Болат Нұрымовпен кездесуді көздейі. «Зың» рэп үшін алғыстарын білдіріп, орайы келсе әрі қарай жаңа туындыларды бірге жасасақ деген ниеттері бар.