Египетте демалып жүрген қоғамдық белсенді, ауруханаға түсіп қалған көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, суда шомылып жүрген сәтінде, оны моторлы қайық соғып кеткен.
Алайда, алаңдарлық ешнәрсе жоқ көрінеді. Тележүргізуші өзінің әлеуметтік желіде болған оқиғаға байланысты жазба да қалдырып үлгерген. Онда ол: Достар, менімен бәрі дұрыс! Тек қолым сынып, аздап жарақат алғаным болмаса. Жазылып кетеді! -деп оқырмандарының әбігерге салынбауын сұраған еді! Ал, біз Аружан Сайынның тез сауығып кетуіне тілектеспіз!