Kazakhstan Fashion Week өнер жұлдыздарын подиумға жинады. Жоқ, ән айту үшін емес, сән сахнасымен жүріп өту үшін. Кешью, Айгүл Иманбаева, Жанар Айжанова, Кәмшат Жолдыбаева... Фешн-апталықтың екінші күні талай қызықтарға толы болды.
Бейнебаянда модель образын сомдаған «кешьюліктер», шынайы өмірде де подиум бойымен жүріп өтті. Алайда бұл Баян Мақсатқызының кезекті жобасы емес. Қазақстан фешн-уик аясында, «Аруназ» сән үйі өнер жолындағы сұлуларды бір сахнаға жинауды жөн көріпті.
Назым Карпыкова, сәнгер:
-Осы жолы біз көбінесе алтын, жарқыраған маталардан, көбінесе барқыт матасы, пайетканы көп қолдадық, қара шифон және де көптеген табиғи өнімнен жасалған, табиғи маталардан осындай топтамамызды көрсеттік.
Модель ретінде алғаш рет бағын сынаған сылқымдарға топтаманы халыққа таныстыру оңай соқпаған көрінеді.
Айгүл Иманбаева, актриса:
-Таңертең дайындыққа келмегеннен кейін біраз қателіктер болды, мен керісінше шығып кеттім, Жанар Айжановаға қарай.
Жанар Айжанова, әнші:
-Енді, екі метр қыздардың қасында бойымыз мынадай болып, жартысындай болып жүрдік. Еді тез бітіп қалды, біз концертке әбден шығып, 2-3 өлең айтып, сөйлеп. Мен шығып әңгіме айтайын дедім ғой. Сөйтіп үйреніп қалғам ғой. Болғаннан боладысы қызық, тез шықтық маған ұнады.
Жамиля Серкебаева болса, өзі киген киімін шешпестен, сахнадан түсе сала бірден сатып алды.
Жамиля Серкебаева, скрипкашы:
-Маған өзгелердікінен гөрі өзімнің образым қатты ұнады. Тек сахнаға ғана емес, іскерлік кездесулерге де киюге болады. Дәл менің стилім.
Ал, дизайнер Жарқын Баймаханов топтамасын таныстыруда танымал тұлғалардың көмегіне жүгінбеді. Коллекциясына «Камильфо» деп ат қойған сәнгер шілтір матаға басымдық танытқан.
Жарқын Баймаханов, дизайнер:
-Сылқымдардың сұранысына қарап киім тігемін. Олар менің музаларым, мен оларды қатты жақсы көремін. Тұтынушыларым әрі спортық киімді әрі шілтірді жақсы көргендіктен осы екеуін ұштастыруға тура келді. Нәтижесіде спорт-шик болып шықты.