«20th Century Fox» компаниясы қанатының астына алған Ақан Сатаевтың, «Она» картинасының тұсауы Кореяда кесілді. Әлемдік прокатқа шығатын туынды, Азиядағы ең беделді «Пусан кинофестивалі» аясында тұңғыш рет үлкен экранға жол тартты.
Режиссер мен басты рөлді сомдаған Айсұлу Әзімбаева кеше фестивальдің шымылдығы түрілген сәтте, қызыл кілемде бой көрсеткен-ді. Дәл қазір халықаралық деңгейдегі мамандар «Она» фильміне баға беруде. Психологиялық триллер Пусан фестивалінің «Азия киносына терезе» жүлдесінен үмітті.