Кәмшат Жолдыбаеваның әрбір ел алдына шығуы үлкен талқыға түседі. Себебі, сылқымды соңғы кездері «it girl»-ға балаушылар көп. Қарапайым бойжеткеннен ең сәнді бикешке айналуына не түрткі?
Соңғы кездері Камшат Жолдыбаеваның образдары батыл, сәнді әрі өзгеге ұқсамайды. Сондықтан да, жиі сынға да ұшырайды, мақтаудан да кенде емес. Бастысы, ол үнемі ел назарында.
Әншінің айтуынша, ол ұдайы Алтынайдың қатаң бақылауында! Себебі, талғамы биік сіңілім бірегей болуға итермелейді, - дейді.
Алтынай Жолдыбаева, «JayRun» тобының әншісі:
– Көмектесеміз иә, бір-бірімізге. Яғни, мен стиль жағынан біраз көмектесемін оған. Осы күнге дейін шығып жүрген, көріп жүрген сахнадағы киімі болсын, интервьюдағы киімі болсын соның ішінде менің қандай да болмасын үлесім бар.
Актриса, модель, әнші яки «сегіз қырлы» сылқымды әлемдік деңгейдегі сән журналы бүгінгінің басты тұлғаларының бірі ретінде ұсынады. Бұл қатарға
Аша Матай, Айдана Меденова, Камшат Жолдыбаев, Гүлназ Жоланова, Жанар Дұғалова, Айсәуле Бақытбек, Динара Сәтжан, Салтанат Бақаева, Әсел Сәдуақасоваларды да қойған! Бүгінгінің бойжеткендері осы сылқымдарға қарап бой түзейтін болғандықтан, бұл өнер иелері сол тізімге қосылған.
Ал, заманауи қазақ аруының болмысы қандай болуы шарт?
Айдана Менденова, әнші:
– Ақылды болу керек. Тез болу керек. Заманауи болу керек. Және көтеріңкі көңіл-күймен өмірін гүлдендіріп жүретін қыз болуы керек.
Кәмшат Жолдыбаева, әнші:
– Еңбектеніп білу керек. Бұл жан-жақтылық. Біліміңе, ортаңа қадалып қалмай іздену керек.
Аша Матай, тележүргізуші:
– Сұлулық, ақылдылық және адамгершілік! Осы үш қасиет әрбір арудың бойында болуы тиіс.
Өзгеге үлгі болуымыз үшін, өзіміздің шалыс баспауымыз шарт дейді жұлдыздар.