Мистикалық оқиғаға тап болған актриса, қорқыныштан не істерін білмеуде. Сылқымға үрей тудыраған қандай оқиға?
Стивен есімді дарынды дәрігер жұбайымен бірге қараусыз қалған бозбаланы, өз қанатының астына алады. Алайда, отбасы осы сәттен кейін мистикаға толы беймәлім құбылыстардың куәгері атанады. Бұл Николь Кидманның «Убиство священного оленя» фильмінің сюжеті бойынша, бастан өткерген үрейлі оқиғасы.
Аталмыш драманың тұсауы Лондон қаласында кесілді. Негізгі рөлді сомдап, туындының премьерасында төбе көрсеткен Коллин Фарреллге де, Николь Кидманға да түсірім жұмыстары оңай болмаған көрінеді.
Николь Кидман, актриса:
-Қиын болды, жасырмаймын. Барлық идея режиссердың басында, бізге белгісіз. Сондықтан, оның не қалап тұрғанын түсіну қиынға соқты. Алайда, жұмыс болған соң түсінісуімізге тура келді.
Әлемдік режиссерлердің киносүйер қауымға ұсынары бұл ғана емес. Көрермен алдағы апта «Геошторм» фантастикалық картинасын тамашалай алады.
Басты рөлді Джерард Батлер сомдаған туынды, табиғат құбылыстарының өзгеруін, ғаламдық жылынуды сюжет желісіне негіз етіп алған.
Ең үрейлі фильмдердің бірі - «Пила»-ның сегізінші бөлімі де көп күттірмей көрерменге жол тартады. Туындының жалғасында Лаура Вандерворт, Ханна Андерсон, Мэтт Пассмор сынды актерлер төбе көрсетпек.