Мына бейнебаянға бір қарасаңыз, көрсең көз тоймайтын жарасамды жұп, иә?! Бірақ, бүгінде Мөлдір мен Арыстанның екі жаққа кеткенін желідегі оқырмандары жарыса жазып жатыр. Тіпті әншіге сансыз сауалдар жолдаған жанкүйлерлері мардымды жауап ала алмаған. Алайда, ел арасындағы тараған ақпараттың ақиқатын Әуелбекованың өзінен сұрап көрдік.
Мөлдір Әуелбекова, әнші:
-Мен жауапты алдыңғы уақыттарда жазатынмын. Ол кезде оқырманым аздау еді. Одан кейін менде уақыт көбірек еді. Енді менде уақыт аз, жұмыстан бөлек бөпеме өте көп уақыт бөлемін. Және де оқырманым көбейді менің күнделікті.
Олай болса, көпшіліктің көкейіндегі сансыз сауалдарға жауап берудің сәті енді түскен сыңайлы. Мөлдірдің инстасын жіті қадағалайтын оқырмандары соңғы кездері бұл парақшадан отағасын көрмей жүр. Тіпті, Әуелбекова әлеуметтік желіде Арыстанның барлық суреттерін өшіріп тастаған! Ал, әншінің бұл қадамын тыңдармандары түсіне алмай, сұрақтың астына алған-ды!
-Меніңше, осы қыз ажырасып кетті. Әйтеуір, бәрі жақсы болса екен. Мөлдір сені Арыстан ренжітіп жатқан жоқ па?!
-Мөлдір, сен ажырасып кеткенбісің? Неге күйеуіңнің барлық суреттерін өшіріп тастағансың? Неге Алматыда тұрып жатырсың?!
Жеке өміріне алаңдаған оқырмандар сауалы Мөлдірге жолданды! Ал, Әуелбекованың жанкүйрелеріне берер жауабы қандай..?
Мөлдір Әуелбекова, әнші:
-Ештеңе демеймін. Ештеңе демеймін. Жеке өмір, жеке өмір деп бағана айттым ғой сізге. Жоқ, жауап!
Иә, осы уақытқа дейін жеке өмірін жасырмайтын Мөлдірдің, бұдан былай жанұясы жайлы ешбір жанға жақ ашпауға бекінгенін байқадық. Бір қызығы баласының әкесі Арыстан Астанада тұрса, бүгінде Мөлдір Алматылық тұрғындардың тізімін толықтырыпты.
Мөлдір Әуелбекова, әнші:
-Енді, өнер ордасы біздің Алматы! Бізде қаншама әншілер Астанаға қоныс аударып қайтіп келді мысалға. Оны барлығы біледі. Соның ішінде мен де бармын. Өнер ордасы, мәдениет ошағы осы жер. Жұмыстың барлығы осы жерде бізде.