Голливудтық өнер жұлдыздары да кезекті шарада бас қосты.Алайда, танымал тұлғалар бұл жолы көңіл-көтеру үшін емес, көмекке зәру жандар игілігі үшін жүздесті.
«амФАР» гала-кешінде Джулия Робертс, Хайди Клум мен Фёрги бастаған бір топ сылқым қатерлі дертке қарсы вакцинаның ойлап табылуы үшін, қомақты қаржы жинаған.
Әр салада еңбек етіп жүрген танымал жұлдыздар, әдеттегі дәстүрден аумай «amfAR » гала-кешінде жиналды. Бұл жылы, игі шараның бас амбассадоры ретінде – Джулия Робертс сөз сөйледі.
Джулия Робертс, актриса:
-Қатерлі дертті көп ұзамай жеңіп шығатынымызға сенімдімін! Ол үшін бірлесе отырып, бар күшімізді игі мақсатқа жұмсауымыз керек! Уақыт ұзамай бұл сырқаттан да құтылармыз.
Кеш барысында 49 жасар актриса, СПИД-пен күрес жүргізудегі ерең еңбегі үшін арнайы марапаттқа ие болды. Одан өзге, көмекке зәру жандарға жәрдемдесуді мақсат тұтқан шарада, Фёрги бірнеше ән орындап, қайырымдылыққа қашан да дайындығын білдірді.
«Амфар» қайырымдылық қоры бұл кеште 480 миллион доллар қаржы жинап үлгерген. Енді, ұйымдастырушылар болжамынша, адам өміріне қатерлі дертке қарсы дәрі 2020 жылға дейін ойлап табылуы тиіс.