Қазақы қалып трендте! Kazakhstan Fashion Week сәнқойларға қандай кеңес береді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Алматыда Kazakhstan Fashion Week өз мәресіне жетті.Жұлдызды модельдер, маска киген сылқымдар, ерекше көрсетілімдер...  Сән апталығы талай қызықтарға толы болғаны сөзсіз.

Дұрыс айтасың. Ал, өз топтамасын соңғы күні таныстырған Аида Қәуменова, әжелеріміздің сандығында жатқан «велюр» матасының трендтен әлі кете қоймайтынын айтып қалды.

Сән апталығының үшінші күні өз топтамасымен таныстырған Аида Кәуменованың киімдерінде айтарлықтай өзгеріс байқалды. Ою-өрнекпен көмкерілген, ұлттық нақыштағы көйлектері енді жаңашыл бағыттағы үлгілермен алмастырылған.

Аида Кәуменова, дизайнер:

-Осы топтамамызда біз нағыз ұлттық топтамамызды жасаған жоқпыз. Біз сондай заманауи, жастарға арналған топтама жасадық. Соған қарап өте ашық түстерді қолдандық, трендтағы түстерді қолдандық.

Трендті жіті қадағалап отырамын деген дизайнер сөзінше, қазақ халқы киімін тігуге көнеден қолданған маталар, бүгінде әлемнің сәнді сылқымдарын қызықтыратын көрінеді.

Аида Кәуменова, дизайнер:

-Біз дизайнерлер тек қана трендтерге қарап киімді жасаймыз. Өйткені, біздің мақсатымыз коллекция тек қана ұнамай сатып алуы тиіс. Кружева дейміз ғой, кружева және велюр деген бар ғой, тек қана қазақтарда ғана емес, әлемнің бәрінде тренд болып кетті ғой.

Аида Кәуменова сөз етіп отырған шілтір мата – фешн уиктегі барлық дизайнерлердің топтамасында кездеседі.

Өз киімдерінің көрсетілімімен осы сән апталығын түйіндеген Тамара Ламанукаева да, шілтірден бас тартпауды жөн көрген сыңайлы.

Аша Матай, әнші:

Кәуменова және Ламанукаева өздерінің бүгін коллекцияларын көрсетіп жатыр ғой. Дегенмен, әрқашан да олар стильге өте күрделі көзқараспен қарайды. Үнемі трендтерге сай колекцияларды шығарады.