Қазақ сахнасында 15 жылдан астам бағалы ғұмыры бар «МузАрт» тобы бүгінде аты аңызға айналған ансамбілдердің тізімінде. 2001-ші жылдың сәуірінде құрылған өнер ұжымның алғашқы костюмі, Алматы мұражайындағы жәдігерлердің қатарын толықтырмақ.
Топтың тығыз кестесінен уақыт ұтып, зиялы жұртпен жиі жүздесетін Сәкен Майғазиев бұл жолы Алматы мұражайына ат басын бұрды. Оңтүстік астананың құнды тарихынан сыр шертетін мекемеден, «МузАрттық» әншіні қызықты әрі мол мағлұматтарға қаныққан.
Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
-Мысалға ең алғашқы альпинсті білмедім, біздің биік шыңды бағындырған. Жасырмаймын елбасымыздың, бұрынғы «Комсомол шыңы» болған шыңның 1998-шы жылы қателеспесем, елбасымыз бағындырған «Президент шыңы» бар екенін мен білмеппін.
Алғашқыда келген қонақтарға мұражайды толыққанды таныстыру Сәкенге жүктелген еді. Алайда, бұл жауапкершілік жүгінен жүрексінген Майғазиев музыкалық бөлімге экскурсия өткізуді таңдаған.
Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
«Дос-Мұқасан» ансамбілінің алғашқы гитарасы және қазақ вальсінің королі - Шәмші Қалдаяқов атамыздың мандолинінің осында тұрғанынынан құлағдар едім. Құдайға шүкір, жолымнан жаңылған жоқпын, жастарға соны таныстыруға тырыстым.
Экскурсия барысында елді елең еткізген тағы бір тың ақпарат! Келешекте, Алматы мұражайы меймандары «МузАрт» тобының тарихынан сыр шертер жеке жәдігерлермен де танысу мүмкіндігін алмақ.
Сәкен Майғазиев , «Музарт» тобының әншісі:
-Туып тұрған бірден-бір мүмкіндік. Осы мұражайда «МузАрт» тобының алғашқы үнтаспасы болады ма, жоқ киімдері, алғашқы кастюміміз болады ма барахолкадан алып киген, сол бір әдемі естелік болатын шығар деп өз басым ойлаймын.