Эксклюзив! Аида Қауменова тұрмысқа шыққан сүйіктісін «Ревюньюс» арқылы жұртқа тұңғыш таныстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Динара Сәтжанның туған күніне шақырту алған санаулы мәртебелі меймандар арасында әрине Аида Қауменова да бар. Тек, сәнгер бұл жолы жалғыз келген жоқ. 40-тан асқанда өмірлік жолдасын тауып, тұрмысқа шығыпты. Шымкентке келін болған бикеш, сүйіктісін тұңғыш рет «Ревюньюс» арқылы көпшілікке таныстырды. Аида

Қауменова, сәнгер:

– Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. 41-ге толып мен ойлаймын сүйікті, нағыз іздеп жүрген ер азаматпен қосылдым.

«Құрбым Баянның ақ орамалы бізге де жұғысты болды» - деп, әзілдейді сәнгер. Шымкенттік ер азаматтың етегінен ұстап, таяу күндерде мешітте некелерін қидырған.

Аида Қауменова, сәнгер:

– Ең үлкен парызымыз Құдайдың алдынан өттік. Ал, қалғаны ол да бәрі Құдайдың қолында.

Әзірге, отау тігу  салтанаттарының қай кезде болатынын дөп басып айта алмай отыр. Дегенмен, жақын келешекте қалыңдық көйлегін киіп, өнер мен өмірдегі үзеңгілестірінің басын қосып, дүбірлі той жасау ниеттері бар.

Әзірге келін шәй құйып, орамалды да тағып, сәлемді де салып қайын жұртына қызмет қылмақ.

Аида Қауменова, сәнгер:

– Өзім қазақтың қызымын. Қазақтың салт – дәстүрінің бәрін орындауға тырысамын. Ол деген маған қуанышты зат.

 

Сәнгердің алғашқы некеден бой жетіп қалған қызы бар. Бәлкім, бұл жолы да бесік тербетер.