Динара Сәтжанға бағалы көліктер мен құшақ-құшақ гүлдерді кім сыйлайды? Сылқымның туған күнінде алған тартулары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Динара Сәтжан туған күнінде Астанадан «қашып кеткен». Сөйтіп,  Алматыдағы ата-анасының үйіне келіп, ең жақын достарына сән-салтанатты пати ұйымдастырды. Мұндай шешіміне не түрткі болды және сылқымға бағалы сыйлықтарды кімдер тарту етті? Тележүргізушінің үйінде қонақ болған тілшіміз баяндайды.

Ауладан кіргеннен қос қабатты зәулім сарайдың төріне дейін, десте – десте гүлдермен безендіріп, дастарханды да жайнатып тастаған. Аста-төк әзірлік, тек  шақырту алған мәртебелі меймандары санаулы ғана. 35 жасқа толған айтулы күнде, жүрегіме жақын достарым ғана жанымнан табылғанын қаладым дейді бикеш.

 

Жақындарының бәрі патиге жұптасып келгенде, жалғыз жүрген Динара ғана. Қызы – Диананың әкесімен айырылысқалы, жүрегін жаулай алар жаңа жанды әлі де таппаған сыңайлы.

Динара Сәтжан, бизнесвумен, тележүргізуі:

Белгілі бір жанның сыйлығын тосамын деп айта алмаймын. Әрдайым өзіме ғана сеніп, өзіме ғана арқа сүйейтін адаммын. Дегенмен, жақсы тартулар жасайтын жан жолықса, оған тек қуанышты боламын.

Құрбысы – Баян Мақсатқызының да тілегі осы!

Баян Мақсатқызы, продюсер:

– Нағыз ер азаматтарды баптап шығаратын мүмкіндігім болса, Динараға ең керемет жігіттің бірін тарту етер едім. Сымбатты, әзілқой, бастысы бақуатты күйеу сыйлайтыным хақ.

Сәтжан мырза мен Ақмарал ханым, яғни Динараның ата-анасы өзге қалаға сапарлатып кеткендіктен келген қонақтардың бабын табу міндеті  Әсем Нұрсейітоваға қалған. Дегенмен, бикеш келінін қинамай-ақ, арнайы аспаздар жалдаған. Күнделікті өмірде де, қайынбикем тек жұмсақ сөз бен жылы қабақ танытады, - дейді Әсем.

 

Әсем Нұрсейітова,  сәнгер, Д. Сәтжанның келіні:

– Қайынбике ретінде барлық міндеттерін жақсы атқарады.

Динараның, тек қайынбикелікті ғана емес, жүгі ауыр бизнес, фэшн өндіріс пен телевизияны да теңселмей арқалай білетіні рас. Болашақта бағындырар әлі талай белесім бар дейді бикеш.