Пайдалы комедия «Орыстардың» 2-ші маусымы да эфирге шығып үлгерді. Жігіттер бұл жолы қазақ тілін меңгеру үшін арнайы Шымкентке барып, біраз уақыт сонда тұрып қайтты. Нәтижесінде, олар бұл жолы қазақша еркін сайрайтын хәлге жеткен.
Оңтүстіктің қонақжайлығы! Орыстар аузының суы құрып, Шымкенттіктер көрсеткен құрмет жайын айтып тауыса алмайды. Түсірілім жұмыстары жүргізілген бір ай бойына қонақ үйге емес, сол өңірдегі таныстарының баспанасында емін-еркін жайлағандарын айтады. Тамақтануға да көк тиын жаратпаған. Кезіккен жанның бәрі барын алдарына тосыпты.
Шымқалада «Орыстар» әлімжеттік танытқандармен де арпалысқан екен.
Сергей Закора, «Орыстар шоуы» резиденті :
Шымкенттің балаларымен төбелес болды. Стрелка!
Семен Махов - «Орыстар шоуы резиденті:
Шымкентке келгенде 1,2 үлкен кісілермен кездестік біз. Солар бізге: «Е, жігіттер неғып жүрсіңдер мына жерде, мына жерде емес мынаяқта» деп.
Абырой болғанда, бұл баяндалған дау-дамай тек «Орыстар в Шымкенте» телехикаясының сценарийі аясында ғана өрбіген оқиға. Екінші маусым ауқымды бір оқиғаны суреттеп, әзілге толы сахналарды ұсынады.
Семен Махов , «Орыстар шоуы» резиденті:
Орыстар жайлы жаңа юмор! Біз үшін ол жаңа деңгей.
Сергей Закора, «Орыстар шоуы» резиденті :
Бізбен бірге болыңдар! Өйткені, бұл Қазақстандық өнім.
Пайдалы телехикаяның екінші маусымының тұсауы кесіліп үлгерді. Енді, күн сайын сағат 18:30-да эфирге шығатын болады.