Андрей Малахов пен Дмитрий Шепелев арасында «ашық соғыс» басталды. Дауды өршіткен кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Андрей Малахов – сатқын! Дмитрий Шепелев бір кездері айырылымас досы болған тележүргізушіге үлкен кінә артты. Малахов қай жерден шалыс басты екен..?

Шепелов бұған дейін өмірі мен толғанысы жайлы эксклюзивті сұқбатты тек Андрей Малаховқа беретін. Дос болғанымыз үшін сенім білдіремін, - дейтін Дима! Дегенмен, бүгінде Андрей мені сатып, Жанна Фрискенің әке- шешесінің жағына шығып кетті деген ренішін ашып айтты. Малахов әзірге үнсіз. Бірақ, бұл даудың жуық арада тәмамдалмасы анық.

Жасқанудан жалықтым! Эмма Стуон жеті жасынан бері жүйке ауруымен күресіп келеді. Актриса жиі үрейленіп, қорыққаннан жанын қоярға жер таппай кетеді екен. Осы сырқатымен күреспек ниетте сан психологтың табалдырығын тоздырған. Сол сәттерде салған суреті жайлы сыр шертті.

Эмма Стоун, актриса :

Тым жасқаншақ бала болатынмын. Үрей бойымды билегенде, бүктеліп жатып қалушы едім. Менің қорқынышым менен де үлкен деген мағынада салынған сурет болатын.

Марго Робби Лондонда «Прощай, Кристофер Робин» картинасының тұсаукесерінде бой көрсетті. Сылқым картинада басты рөлді сомдаған. Дегенмен, көпшілік актрисаның жеке өмірі хақында білуге ынтық. 

Марго Робби, актриса:

Жақында итіме серік болсын деп мысық асырағанмын. Лайықты күтім жасай алмағандықтан қайта өткізіп жіберуге тура келді. Бұл түріммен мен бала туып, оны бағып-қаға алмаспын.