Әлішер Кәрімов те таяуда «Бесжылдықтың үздік әртісі» атанып, ЕМА салтанатынан қос жүлде қолтықтап қайтқанды. Әншінің шығармашылығында ғана емес, жеке өмірінде де өзгерістер орын алғанға ұқсайды. «Махаббат хикаясын» мейлінше жасырып қалғысы келетін серінің, ара-тұра «отқа май құйып» қоятыны бар. Мәселен, бүгін өзбек ұлтына тән дәстүрде «келін сәлем» жасап тұрған аруды инстаграм парақшасына салып қойған.
Бикештің Диора Романова болуы бек – мүмкін. Себебі, бұған дейін әнші мен той көйлегін киген ару бір бой көрсеткенді. Диора таяуда үлкен экранға жол тартатын Нұрлан Қоянбаевтың «Каникулы в Тайланде» атты кезекті комедиясында басты рөлдердің бірін сомдаған. Мәселенің мән-жайын білмекке өнерпазға хабарласқанымызда, ол жеке өмірі жайлы әзірге жақ ашпайтынын айтты. Бұл «махаббат құпиясын» құлыпта ұстаудың тиімді жолы болса керек.