Картон қораптар мен журналдың беттері. Москино маркасының дизайнері дәл осы дүниелерден шабыт алған-ды. Жұртқа таңсық көрінген Джереми Скоттың ерек киімдерінің шымылдығын Кендал Дженнер ашты...
Джереми Скоттың көктемгі коллекциясы да ерекше еді..
Москиноға қарағанда Prada біршама қарапайымдылық көрсеткендей. Бұл жолы сән үйі ашық емес түстерге басымдық танытқан. Алайда, Миучча ханым модельдерді қабат-қабат киіндіруін әлі де қояр емес.. Ал, көрсетілімді таныстыру17-жасар ресейлік Крис Грикайтеге бұйырған болатын..
Таңырқатқандар қатарынан Emilio Pucci сән үйі де табылды. Ашық жасыл және сарғылт түстерді барынша көбірек қолданған дизайнерлер, бұл киімдерді қайда киюге болатыны жайлы мүлде ойланбағандай...