MC Doncha енді әнші! Әлеуметтік желінің шарапатын оңды-солды пайдаланып, тіпті қыруар қыржыны да жинап үлгерген MC Doncha атаққа қарай тағы бір қадам жасауға бекінген. Кеше ғана, вайн үшін ұйқас құрып жүрген қырғыз жігіт, енді алғашқы үнтаспасын жазды. Айыр қалпақты ағайындардың ғана емес, сәті түссе біздің де шоу-бизнестен дәмелі. Қырғызстаннан арнайы келген ол бізге тұңғыш әнжинағын тыңдатты.
MC Doncha: «Вайндарға өзгенің музыкасын қосу – қылмыстық жауапкершілікті жүктейді екен. Сондықтан, өзім әуен жазуды бастадым. Тіпті, жеке шығармышылығымды дамытуға дейін жалғасты. Үнтаспама «Психоз» деген атау бердім. Адамның болмыс бітімі мен сана-сезімін ұғыну үшін психологиялық әдебиеттер оқып, осы саланы біраз меңгеруге де тырыстым. Әзірге бес композициям дайын. Күзде, тұңғыш әнжинақтың тұсауын кеспекпін. Жақын күндерде, бейнебаян таспалау да жоспарда бар.»