Димаш гран-при еншілеген «Славян базары» байқауына, биыл «Айри» атты әнші қыз аттанбақ! Ел намысын халықаралық додада қорғауға ниетті Айгерім үшін жауапкершіліктің жүгі ауыр! Өйткені, соңғы жылдары аталмыш ән сайысынан қазақстандық қатысушылардың қоржыны бос қайтпаған...
Айгерім Рақыш – музыканттар жанұясында дүниеге келген жас өнерпаз! Республикалық іріктеуде жүзден жүйрік шыққан ару биыл «Славян базары» байқауының ақтық сынына жолдама алғанды! Айта кетейік, соңғы үш жылда аталмыш ән додасында қазақстандық қатысушылар жарап тұр. Мәселен, Мархаба Сәби үшінші орынды еншілесе, әнші Адам бірінші сатыға жайғасқан еді. Ал, Димаш Құдайберген 2015-ші жылы бас жүлдені иемденген болатын...
Ayree – әнші: «Әрине, біздің ұжымымызға үлкен жауапкершілік. Бірақ, бар күшімді, барымды саламын осыған. Үміттеріңізді ақтаймын деп ойлаймын.»
Бүгінде бар уақытын дайындыққа арнаған Айгерім аталмыш ән сайысына қызу әзірлік жүргізіп жатыр. Ал, байқау талабы бойынша әр қатысушы үш этаптан өтеді.
Ayree – әнші: «Бірінші қазақша әнді орындаймын. Әзірге нақты айта алмаймын. Себебі болмайды маған. Құпия ретінде сақтаймын оны. Екінші Славян әні оркестрмен айтатын өлең және үшінші әлемдік хит. +00:20:21 Слаян әніне тоқталсақ мен Константин Меладзенің әні скрипка деген әнді орындаймын...»
Айри бүгінде вокал, хореографиямен қатар қазақ елінің абыройын асқақтатар ерекше шоу дайындау үстінде! Өйткені, әлемдік сахнада ел намысын қорғайтын әнші қыз, қарсыластарының қарқынын әлі бағамдап үлгерген жоқ.
Ayree – әнші: «Бірде-бір конкурентімді білмеймін. Әлі белгісіз...»
Биыл «Славян базары» байқауы шілде айының 9-ы күні Белоруссияның Витебск қаласында өтеді. Өткен жылы, аталмыш елдің әншісі Алексей Гросс гран-при еншілеген болатын.