Түсірілім тарихы сонау 1932 жылдан бастау алып, 2 рет таспаланған «Мумия» кинокартинасының ремейгі әлем назарына ұсынылды. Фэнтези фильмнің премьерасына Том Круз, София Буттела, Рассел Кроу, Анабелль Уоллис бастаған бір топ актерлер қатысып қайтты. Бұл жолы киногерлер ескінің көзін сақтай отырып, жаңа толықтырулармен тың туындыны дүниеге әкелуді мақсат тұтқан көрінеді. Мысалы, картинаның бұл нұсқасында алғаш рет мумия бейнесін әйел адам сомдады.
София Буттела - актриса: «Фильмнің бір бөлшегіне айналу, оның дүниеге келуіне ат салысу мен үшін үлкен мақтаныш. Режиссер мұндай ауқымды рөлді әйел адамына бекер беріп отырған жоқ деп есептеймін. Әрі бұл образды сомдау үлкен жауапкершілікті талап етеді.»